Талапкерге

Құжаттардың тізбесі (қағаз нұсқа)

  • құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  • білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  • № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
  • 063-У формасындағы егу картасы (денсаулық паспорты);
  • жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі), ЖСН.

       Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  • шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
  • азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын – босқын куәлігі;
  • пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • оралман – оралман куәлігі.

      Порталға:

  • көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші; 
  • білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
  • № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
  • 3×4 см көлеміндегі фотосурет.

Колледжге түсу үшін құжаттарды онлайн түрде қалай тапсырады (EGOV)? 

Инструкция по порталу EGOV (kaz. тілі)

 «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 2020-2021 оқу жылына арналған  Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды  ұйымдастыру қағидаларын бекіту ЕРЕЖЕСІ

Рабочие профессии 2020

 «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына талапкерлерді 2020 -2021 оқу жылына қабылдаудың

ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнына (бұдан әрі- колледж) оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.      

              Жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

  1. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.

       3.1. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;

      3.2.жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;

      3.3. ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;

     3.4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

     3.5. жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын   жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;

       3.6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.

  1. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.

 

  1. «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорнына  оқуға қабылдаудың тәртібі

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

  1. Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.

Қабылдау комиссиясының жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы  жүргізіледі.

      Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

  1. Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.
  2. Колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. Тұлғалардың колледжге оқуға өтініштерін қабылдау:

      1) орта буын  мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың   20 маусымы мен 25 тамызы  аралығында, оқудың сыртқы  нысанына – күнтізбелік жылдың   –  1 тамызбен   28 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі- сенбі 9.00-18.00 сағ. Үзіліс 13.00-14.00 сағ. Жексенбі- демалыс.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы колледжге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік  қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға  4-қосымшаға сәйкес стандартта келтірілген.

       Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

      9-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға   6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

       9-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің  жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске  асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.

         9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының      11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

         9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
  2. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

       Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

       1) жеке аудитория ұсыну;

       2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және  (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:

      орта буын мамандарын даярлау үшін және:

  1) негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

 2) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;

3) жалпы орта білімі бар оқуға тісушілер үшін үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша;

4) мамандық бейініне сәйкес келмейтін  техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейіні бойынша өткізіледі.

       Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

       Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

      Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында (www.mkt-aktau.kz) түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары – күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

     Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

    2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған “3”, “4”, “5” бағаларын қабылдау комиссиясы

мынадай шәкіл бойынша: “3” – 8 балға, “4” – 17 балға, “5” – 25 балға алмастырады.

  1. Колледжге  түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  2. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.

  1. Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу,  оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
  2. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

  1. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  2. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
  3. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында   өткізіледі.

        2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың  15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

  1. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтары бойынша, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
  2. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, сырттай оқу нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі. Маңғыстау туризм колледжінің сайты: (www.mkt-aktau.kz)

          Осы Қағида «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім   және ғылымминистрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  2020 жылғы 12 мамырдағы №197 бұйрығының негізінде жасақталды және колледждің  27 мамыр 2020 жылғы  №4 хаттамасымен педагогиқалық кеңес мәжілісінде қаралды.    

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

 

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім

(жалпы орта)

0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару
0507000 Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру География Шетел тілі География Шетел тілі Қазақстан тарихы
0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру Алгебра Биология Алгебра Биология Қазақстан тарихы
0511000 Туризм (салалары бойынша) География Дүниежүзі тарихы География Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
0512000 Аудармашы ісі (түрлері бойынша) Шетел тілі Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) Шетел тілі Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) Қазақстан тарихы
0513000 Маркетинг (салалар бойынша) Алгебра Химия Алгебра Химия Қазақстан тарихы

 

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

 

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) Орта білім (жалпы орта)
0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару
0507000 Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру Математика Математика
0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру Математика Математика
0511000 Туризм (салалары бойынша) География География
0512000 Аудармашы ісі (түрлері бойынша) Шетел тілі Шетел тілі
0513000 Маркетинг (салалар бойынша) Математика Математика

  “Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) “электрондық үкіметтің” www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
3 Мемлекеттік
қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін :күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы;          
сырттай (кешкі) оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі                   аралығы                        ;                                                                                                                           
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
4 Көрсету нысаны электрондық/қағаз түрінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.​edu.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) www.​egov.​kz порталында орналасқан.
8 Құжаттардың тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
 4) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Порталға:
 1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) 3×4 см көлеміндегі фотосурет;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады;
2) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинеті”, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы “1414”, 8 800 080 7777 арқылы алады.

Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі
қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат

Оқу орны _________________________________________________________________

(оқу орнының атауы)

      __________________________________________________________________

       (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

       Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат

       _____________________________ мынадай құжаттар алынды:

       (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)

  1. Өтініш
  2. __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

       Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)

      20__ ж. “__” _____________

Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі
қағидаларына
6-қосымша

Нысан

Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) немесе
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы
____________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат

“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды _________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3)….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/

      білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.

      (бар болған жағдайда) _________ (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә.

      Телефоны __________

      Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. “___” ______________

 

 

2020-2021 оқу жылына  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Кәсіп пен мамандықтың

коды мен атауы

Оқушылар саны Базалық білім беру Оқыту тілі Оқу мерзімі
1

 

 

0507000  Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру:

 050706 3 –Супервайзер. Ауысым басшысы.

 

25

25

 

9 сынып

9 сынып

 

қазақша

орысша

 

2 жыл  10 ай

2 жыл 10 ай

2

 

0508000  Тамақтандыруды ұйымдастыру:

0508063- Технолог- менеджер

25

25

9 сынып

9 сынып

қазақша

орысша

3 жыл  10 ай

3 жыл  10 ай

3 0511000 Туризм  (салалар бойынша):

0511043- Менеджер

25

25

9 сынып

9 сынып

қазақша

орысша

3 жыл  10 ай

3 жыл 10 ай

4 0512000 Аударма ісі (түрлері бойынша):

0512023- Гид-переводчик

25

25

9 сынып

9 сынып

қазақша

орысша

2 жыл  10 ай

2 жыл 10 ай

5 0513000-Маркетинг (салалар бойынша):

  051305 3- Маркетолог

 

25

 

9 сынып

 

қазақша

 

2 жыл  10 ай

     ҚР Білім және ғылым министрлігі (04.07.2020)

          Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі.

          Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоо-ларға) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

          Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады.

         Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

  Талапкер күнтізбесі:

  • 20 маусымнан 25 тамызға дейін өтініштерді қабылдау күндізгі оқу бөліміне (орта буын);
  • 20 маусымнан 27 тамызға дейін өтініштерді қабылдау күндізгі оқу бөліміне (білікті жұмысшы кадрлар);
  • 1 тамыздан 27 тамыз аралығында қабылдау емтихандары күндізгі оқу бөліміне;
  • 25 тамыздан 31 тамызға дейін қабылдау күндізгі оқу бөліміне.